Тапсырыс шарттары

Тапсырысты қалай беруге болады?

• Кеңес алу және тапсырыс беру өзіңізге ыңғайлы кез келген тәсілмен жүзеге асырылады: WhatsApp арқылы немесе +7 (778) 870 00 67 нөміріне қоңырау шалу, Instagram Direct-ке жазу немесе сайтта өтінім қалдыру арқылы.

Тапсырысты неше күн бұрын беру керек?

• Егер сізге жеке декормен, салмамен және құраммен дайындалатын десерт қажет болса, тапсырыс кемінде 4 күн бұрын қабылданады.
• Бізде әрдайым дайындық кезеңінде тұрған: торттар / тәтті тоқаштар / рулеттер / тарталеткалар / тарттар / капкейктер бар – оларды біз сіз үшін бірнеше сағат ішінде дайындап бере аламыз.
Төлем шарттары
• Десертке 5 күннен аз уақыт қалғанда тапсырыс берілсе, Kaspi картасына немесе Райымбек, 200/6 мекенжайы бойынша қолма-қол ақшамен 100% алдын ала төлем жасалады.
• Десертке 5 күннен астам уақыт бұрын тапсырыс берілсе, Kaspi картасына немесе Райымбек, 200/6 мекенжайы бойынша қолма-қол ақшамен 50% алдын ала төлем жасалады.
• Төлем бір тәулік ішінде жасалуы тиіс. Күнге бронь бір тәулік сақталады, төлем түспеген жағдайда бронь алынып тасталады.
• Тапсырысты алуға 5 күннен аз уақыт қалғанда одан бас тартсаңыз — алдын ала төлемнің 50%-ы қайтарылады. 2 тәуліктен аз уақыт қалғанда алдын ала төлем қайтарылмайды.
• Тапсырыс картаға немесе қолма-қол ақшамен алдын ала төлем түскен кезде ғана қабылданған және көрсетілген күнге жазылған болып есептеледі.
• Деректемелер (реквизиттер) тапсырысты ресімдеу кезінде жеке хабарламамен жіберіледі.
Жеткізу / өзі алып кету шарттары
Жеткізу құны қанша?

• Құны тапсырысты жөнелту кезіндегі Яндекс.Доставка тарифтері бойынша есептеледі және ауа райы жағдайына, кептелістерге және күннің уақытына байланысты болады. Қаланың «алтын шаршысында» жеткізудің орташа бағасы - 2000-2500 тг, оның сыртында - +500 тг-ден бастап.
• Нақты құнын тапсырысты жөнелту кезінде білуге болады. Біз сізге құны көрсетілген скриншотты жібереміз, сіз қажетті соманы төлейсіз, содан кейін біз тапсырысыңызды жібереміз.
• 30 000 теңгеден басталатын тапсырыс кезінде — көшелердің «алтын шаршысы» ішінде жеткізу тегін!
Тапсырысты өзі алып кетуге бола ма?

• Сіз десертті Райымбек, 200/6 мекенжайы бойынша өзіңіз алып кете аласыз.
• Бізде тек тапсырыстарды беру пункті жұмыс істейді. Дайын десерттер тұрған витрина әзірге жоқ. Сондықтан барлық десертке алдын ала, кем дегенде 2 сағат бұрын тапсырыс беру керек.

Жеткізу және өзі алып кету кестесі:

• Дүйсенбі - Жұма аралығында жеткізу 11:30 - 20:00 арасында жүзеге асырылады.
• Сенбі - Жексенбі аралығында жеткізу 11:30 - 18:00 арасында жүзеге асырылады.
• Сіз жоғарыда көрсетілген уақыт аралықтарында өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытты таңдай аласыз.
Торттар бойынша ақпарат
Тапсырыс беруге болатын торттың ең аз салмағы қандай?

• Бисквитті тортқа тапсырыс берудің ең аз салмағы - 1,5 кг.
• Мусс тортына тапсырыс берудің ең аз салмағы - 700 грамм.
• Торттың соңғы салмағы +- 200 граммға өзгеше болуы мүмкін.

Барлығына жетуі үшін торттың қажетті салмағын қалай есептеуге болады?

• Бір адамға арналған орташа порция - 180 грамм. 1 килограмм торт 5-6 адамға жетеді.
• Қабатты торттар: 4 кг-ға дейін - 1 қабат, 4-6 кг - 2 қабат, 6-12 кг - 3 қабат. Салмағы бұдан көп болса, жеке талқыланады.

Торт қаптамасының қандай түрлері бар?

• Бисквитті торттар ірімшік кремімен (сырный крем) немесе велюрмен, мусс торттары - гляссажбен (шоколад негізіндегі айналы глазурь) немесе велюрмен (шоколад негізіндегі күңгірт қаптама) қапталады.

Торттардың қандай формалары бар?

• Бисквитті торттарды тіктөртбұрышты, шаршы немесе дөңгелек етіп жасауға болады. Мусс торттарын әртүрлі формада жасауға болады (сіздің қалауыңызға қарай, ассортиментті сайттан немесе Instagram парақшасынан таңдай аласыз).

Тапсырыс құнына не кіреді?

• Мусс тортының велюр немесе жылтыр қаптамасы, астына қойылатын тірек және қорапша.
• Кондитердің қарауы бойынша минималды декор: алтын жалатылған қағаз (сусальное золото), қант сепкіштері, бұтақшалар.
• Әшекейлеу және жеке декор бөлек төленеді.
Декор құны
• Кондитердің қарауы бойынша минималды декор — тегін (алтын, сепкіштер, көк шөп).
• Жидек декоры 2500 теңгеден бастап, маусымға байланысты.
• Гүл декоры 3500 теңгеден бастап, жеткізушілердегі бағаға байланысты.
• Шоколад декоры 3500 теңгеден бастап, көлемі мен күрделілігіне байланысты.
• Шоколад фигуркалары 3500 теңгеден бастап/данасы, дайын фигурканың салмағына байланысты.
• Мұзкәмпиттер және изомальттан жасалған бұйымдар 1000 теңгеден бастап, көлемі мен күрделілігіне байланысты.
• Пряник декоры 1500 теңгеден бастап, суреттің күрделілігіне байланысты.
• Күріш немесе қант қағазына жеуге жарамды басып шығару 1500 теңгеден бастап, көлеміне байланысты.
• Безеден жасалған декор 1000 теңгеден бастап, көлеміне байланысты.
• Мастикадан жасалған декор 3000 теңгеден бастап, күрделілігіне байланысты.
Десерттерді тасымалдау және сақтау шарттары бойынша ұсыныстар
• десертті шайқамаңыз, бұдан ол "мұңайып", шөгіп қалады.
• тасымалдау кезінде қорапты түбінен ұстаңыз — ол үшін мұндай достық қолдау өте маңызды!
• оны 20 градустан жоғары температурада салқындатқышсыз қалдырмаңыз — ол өзінің бар балғындығын сақтауды армандайды!
• дастарқанға қойғанға дейін десертті тоңазытқышта, тура қорабында сақтаңыз — бұл оны бөгде иістерден қорғайды және пішінін сақтауға көмектеседі.
• оны 48 сағаттан артық назарсыз қалдырмаңыз — әйтпесе ол "өкпелеп", бұзылып кетеді.
• десерт өз миссиясын орындаған соң, бізбен алған әсерлеріңізбен бөлісіңіз — кондитер үшін клиенттердің пікірінен маңызды ештеңе жоқ!